Ақ ұлпаны "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының камералары түсіріп алған.
2025 жылғы 4 қарашада Алматының таулы аймақтарында алғашқы қар түсті.
"Бүгін Шымбұлақта нағыз қысқы көрініс. Тауды қар басып, айнала ертегідей күйге енді", - делінген курорттың хабарламасында.
Көріністерден таудың жоғарғы бөлігі аппақ қармен көмкеріліп, тұман аралас бозғылт аспан қысқы маусымның басталғанын еске салады.
"Қазгидромет" мәліметінше, 4 қарашада Алматыда 5–6 мм көлемінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7°C дейін төмендейді. Ал 5 қараша күні кей жерлерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Түнде -3…-5°C, күндіз +1…+3°C шамасында болады.
Бұған дейін қалада ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойғы жұмыс режіміне көшкен. "Алматы Тазалық" кәсіпорны магистральдық көшелерге алдын ала сұйық реагенттер сеуіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кіріскен.