Қытайдың XPeng Arridge компаниясы (бұрын AeroHT деп аталған) Гуанчжоудағы зауытында Land Aircraft Carrier (LAC) ұшатын модулі бар көліктердің пилоттық өндірісін бастады. Бұл туралы компания мәлімдеді.
Гуанчжоудағы зауыттың аумағы –120 000 шаршы метр. Кәсіпорынның жоспарланған жылдық қуаты жылына 10 000 ұшу модуліне дейін жетеді. Бастапқы өндіріс көлемі – 5000 бірлік. Зауыт толық қуатына шыққанда бір аппаратты жасауға 30 минут кетеді.
Конвейерден алғашқы көлік шығарылды. Land Aircraft Carrier ұшатын көліктерінің жаппай өндірісі мен жеткізілімі 2026 жылға жоспарланған.
Наурыз айында XPeng бас директоры Хэ Сяопэн компания 2026 жылы ұшатын көліктердің жаппай өндірісін іске қоса алатынын айтқан еді. Бұл жоспар ҚХР билігінің қолдау шараларына негізделген. Қытайдың биылғы экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына сәйкес, билік төмен биіктікте ұшатын аппараттарды қолдану аясын кеңейтеді.