ҚР Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин 2025 жылғы қазан айындағы еліміздегі іскерлік белсенділікке қатысты тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті ақпарат бүгін, 4 қарашада Ұлттық Банктің сайтында жарияланды.

"2025 жылғы қазанда іскерлік белсенділік индексі 50,6 (қыркүйекте 50,9) болды. Индикатор 2024 жылғы наурыздан бері оң аймақта тұр". Рүстем Оразалин

Оның айтуынша, өндірісте, қызмет көрсету секторында және саудада белсенділік сақталғаны байқалады, бұл реттегі индекс тиісінше 53,0, 50,6 және 50,28 (қыркүйекте – 52,9, 50,8 және 50,7) болып, өсімді сақтады. Құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіштер теріс аймақта тұр, тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш қыркүйектегі 49,4-тен қазанда 48,5-ке дейін аздап нашарлағаны байқалды. Құрылыста көрсеткіш айтарлықтай өзгерген жоқ – 49,5.

1-график. Іскерлік белсенділік индексінің (ІБИ)* динамикасы

* Көрсеткіштің 50 деңгейінен жоғары мәні позитивті өзгерісті, 50 деңгейінен төмен мәні теріс өзгерісті білдіреді. Индекстің мәні 50 деңгейінен неғұрлым алыс (жоғары немесе төмен) болса, көрсеткіштің өзгеру (ұлғаю немесе азаю) қарқыны соғұрлым жоғары болады.

"Бизнес жүргізудің келешек жағдайын бағалау көрсеткіші нашарлағандықтан, 2025 жылғы қазанда бизнес-ахуал индексі (БАИ) төмендеп, 7,1 болды (қыркүйете – 10,1). Алайда, жалпы көрсеткіштер оң деп бағаланып отыр, тиісінше бизнес-цикл "сағатының" индикаторы өсу аясында қалды". Рүстем Оразалин

Кәсіпорындардың бағалауы бойынша жалпы олардың өніміне/көрсетілетін қызметіне деген сұраныстың өсу қарқыны өзгерген жоқ, алайда тау-кен өндіру өнеркәсібінде айтарлықтай бәсеңдеу байқалады.

Қараша айында рубль мен теңгенің айырбас бағамы қандай болады? Бұл реттегі сарапшылар пікірімен мына арадан таныс бола аласыздар.