Маңғыстау облысында теңіз жағасынан жүзден астам өлген итбалық табылды.

Теңіз сүтқоректілері Түпқараған ауданы Форт-Шевченко, Баутин елді мекендері маңынан шығып жатыр.

Оқиға орнына барған экологтар мен балық инспекторлары Асан елді мекені жағажайынан 39, Форт-Шевченко қаласынан Баутин мүйісіне дейінгі аралықтан 73 итбалықтың өлексесін анықтаған.

Мамандар алгоритм бойынша жұмыс істеп, аумақта мониторинг жүргізуде, деп жазады qazaqstan.tv.

Еске салайық, итбалықтар биыл көктемде де жаппай қырылды. Жағалаудан шамамен 400-дей өлексе жиналған болатын.