Ақтөбе облысында 12 адам қаза болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты.

«Екі науқас ауруханадан шығарылды, тағы үшеуі облыс орталығындағы стационарларда ем алып жатыр. Олардың ішінде баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр, ересектердің бірі операциядан өтті, тағы бірі толық ем алған соң шығарылуға дайындалып жатыр», – деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 23 қазан күні Самара – Шымкент автожолының Белқопа ауылы маңында жүк көлігі DAF пен жолаушылар тасымалдайтын «Газель» автокөлігі соқтығысқан болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кеткен.