Батыс Қазақстан облысында аудандық полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город"-қа сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, 20 қазанда Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығы мен көші-қон полициясы қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат шыққан.

Редакция Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) сауал жолдады. Ведомство өкілдері сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, басқа мәліметтерді жариялаған жоқ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз