Астанада полицейлер азық-түлік дүкенінде жасалған ұрлыққа қатысы бар күдіктіні ұстады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталғандай, 32 жастағы ер адам кешкі уақытта сатып алушы түрінде дүкенге кірген.
Сатушы басқа келушілерге қызмет көрсетіп жатқанда күдікті жұмысшылардың жеке заттары уақытша сақталған қосалқы бөлмеге жасырын кіріп кеткен.
Сол бөлмеден телефонды байқап қалып, оны тез арада алып, дүкеннен шығып кеткен. Кейін ұрланған телефонды кездейсоқ жолыққан адамға сатып жіберген.
Бейнебақылау камераларындағы жазбалардың арқасында күдіктінің жеке басы жедел анықталды. Ер адам тұрғылықты жері бойынша ұсталды.