Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылап, жеке рекордын жаңартты

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик кәсіби теннисшілер одағы (ATP) жаңартқан әлемдік рейтингте өз көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр үш сатыға көтеріліп, қазір 13-орында тұр. Бұл — оның мансабындағы ең жоғары нәтиже, делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында.

Бұған дейін қазақстандық спортшы алғаш рет Парижде өткен “Мастерс” санатындағы турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, канадалық Феликс Оже-Альяссимге (ATP рейтингінде 8-орын) жол берген болатын.

Бұған дейін WTA қорытынды турнирінің алғашқы матчында әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Аманда Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңгенін жазғанбыз.