Алматыда және Алматы облысында синоптиктер күн айтарлықтай суытып, қатты жауын-шашын болатынын болжайды. "Қазгидромет" РМК Zakon.kz сайтына алдағы күндері оңтүстік астанада ауа райы қалай құбылатынын жеткізді.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Кісебаевтың айтуынша, алдағы үш күнде Алматыда қолайсыз ауа райы күтіледі. Атап айтқанда, жауын-шашын, кейде нөсер жаңбырдың арты қарға ұласады, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ пайда болады.

"Ауа температурасы түнде +5..+7°С-ден -5-7°С-ге, күндіз +5...+7°С-ден 0°С-ге дейін күрт төмендейді деп болжанады. Циклонның Қазақстанның солтүстік және орталық аудандары арқылы ығысып, Алматы облысының аумағына жетеді. Бұл циклонның орнын суық антициклон басып, салдарынан ауа температурасы күрт төмендейді". Дәулет Кісебаев

Сонымен, 4 қарашада аспан бұлтты болып, аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: +5 + 7°С.

5 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды, аздап жаңбыр, қар жауады. Тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -3...-5°С, күндіз: +1...+3°С.

"Арасында жалпы биіктігі 5-6 мм-ге дейін жаңбыр жауады. Түнде және күндіз ауа температурасы одан әрі төмендей береді. 5 қарашада жауын-шашын болады, жаңбырдың арты қарға ұласады, биіктігі 10 мм-ге дейін көктайғақ болады". "Қазгидромет" РМК

6 қараша: аспан бұлтты, түнде қар жауады, тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -5...-7°С, күндіз: 0...+2°С.

Осы орайда гидрометеорологиялық орталықтың өкілдері қала мен облыста дауылды ескерту жариялады. Алматы облысында 4 қарашада түстен кейін таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта 4 қарашада солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

"Алматы облысында түнде батыста, солтүстікте, оңтүстікте, таулы аудандарда жауын-шашын болады деп күтіледі (жаңбыр, қар, күндіз негізінен жаңбыр түрінде болады). Облыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. 5 қарашада ауа температурасы күрт төмендейді деп күтіледі: -1...-6°С, облыстың таулы аудандарында: -8...-13°С және 6 қарашада сынап бағаны одан әрі төмендейді", — деп нақтылайды синоптик.

Маман түсіндіріп өткендей, 2024 жылдың қараша айында Алматы қаласында жыл сайын күздің соңғы айының басында суық циклон өтуіне байланысты тұрақты салқын әрі ызғарлы ауа райы қалыпатасады. Осыған байланысты ауа райы күздің соңында тұрақты жауын-шашын мен қолайсыз ауа райы түрінде айтарлықтай өзгерді.

"2017, 2018, 2019 жылдары мұндай суық қараша айының басында байқалатын. Соңғы екі жылда ауа райы жылы болып келді. Мәселен, алдыңғы жылдары ауа райының мұндай өзгерісі 7-11 қараша аралығында байқалды. Мұндай суық циклондар қатты жауын-шашынның, арты қарға ұласатын жаңбырдың көптеп түсуіне әкеліп соғады. Сондай-ақ, осы кезеңдерде көктайғақ пен тұман пайда болады. Бұл жыл сайын қайталанатын құбылыстар", һдеп түсіндіреді синоптик.

Синоптиктер қазақстандықтарды ауа райының күрт өзгерісі туралы алдын ала ескертуге тырысады, өйткені тұрғындардың бір бөлігі жеке жер үйде тұрады, яғни бау-бақшасы бар. Қараша қауым қауіпті синоптикалық құбылыстарға – температураның айтарлықтай өзгеруіне және қатты жауын-шашынға дайын болуы керек.

Сондай-ақ алдағы күндері жауын-шашын және көктайғақ болуы мүмкін екеніне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режиміне ауыстырылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

"Алматы Тазалық" базаларында жүргізушілер, механизаторлар және жұмысшылар тәулік бойы кезекшілік атқарады.

"Жұмысқа 580 арнайы техника және 2500-ден астам қызметкер тартылды, магистральдарға алдын ала реагенттер себілді. Саябақтар мен скверлерді тазалау үшін 1900-ден астам адам және 550 техника қосымша жұмылдырылған. Еңіс пен жолайрықтарда көктайғақты жою үшін 75 патрульдік бригада кезекшілік етеді". Алматы қалалық коммунальдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы

Алматы қаласының Құтқару қызметі, сондай-ақ қар тазалау кезінде көліктерді уақытша көшіруге арналған эвакуаторлар мен манипуляторлар да дайын.

"Аудан әкімдіктерінде барлық қызметтің жұмысын бақылау және үйлестіру үшін тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған. Жолда сақ болыңыз! Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіз арақашықтық сақтау ұсынылады. Жүргіншілерге көшені кесіп өткенде және тротуарда абай болу қажет". Алматы қалалық коммунальдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы

Қар тазалау, Алматы, 3 қараша, сурет — Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 17:33

Бұған дейін