Биыл Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда заңсыз лотерея қызметін өткізген 89 адамды анықтап, оларға айыппұл салған.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті бұзып отыр.

«Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған тұлғаларға ескерту хаттары жолданып, офлайн және онлайн форматтарда түсіндіру кездесулері өткізілді. Әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланған», – деп хабарлайды министрлік.

Дереккөзге сүйенсек, биыл осы баппен тәртіп бұзған адамдарға жалпы 40 млн теңге айыппұл салынған екен.