KC Energy Group компаниясы 2025 жылғы күзгі дала жұмыстарына арналған дизель отынын жеткізу бағдарламасын аяқтап, аграршыларға 151,4 мың тонна арзандатылған отын жөнелтті.
Жеткізілімдер 2025 жылғы Күзгі дала жұмыстарының бекітілген кестесіне және ҚР Энергетика министрлігінің ай сайынғы кеңестерінің хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылды.
Отынның ең үлкен көлемі Солтүстік Қазақстан (20,7%), Павлодар (15,6%), Түркістан (12,2%) және Ақмола (12,1%) облыстарына бағытталды.
Жалпы алғанда, KC Energy Group елдің 13 өңіріне 74 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторының атына отын жеткізіп, күзгі дала жұмыстары кезеңінде аграршыларды тұрақты отынмен қамтамасыз етті.
KC Energy Group дизель отынын жеткізуді қатаң түрде мемлекеттік тетіктер шеңберінде жүзеге асырады. Компания жеңілдетілген отынды атаулы бөлуге қатыспайды — тиісті шешімдерді тек жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Сондай-ақ компания баға белгілеуге ықпал етпейді: арзандатылған дизель отынының құнын мемлекеттік уәкілетті орган белгілейді және ресми кеңестер шеңберінде ай сайын бекітіліп отырады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау шеңберінде компания қосымша дәнді және майлы дақылдарды кептіру үшін арзандатылған дизель отынын жеткізеді. 2025 жылы өңірлер бойынша бөлудің бекітілген кестесіне сәйкес мұндай жеткізілімдердің көлемі 10,240 мың тоннаны құрады.
KC Energy Group ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету саясатын іске асыруды жалғастыруда және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде барлық міндеттемелерді орындай отырып, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің сенімді серіктесі болып қала береді.
Анықтама үшін: 2023 жылдың 27 желтоқсанында негізі қаланған "KC Energy Group" ЖШС – ҚР МӨЗ-де өңдеу үшін шикі мұнай сатып алудан және дайын мұнай өнімдерін ел ішінде және одан тыс жерлерде сатудан бастап толық циклді жүзеге асыратын Қазақстанның жетекші компанияларының бірі. Компания республика халқын және экономиканың негізгі салаларын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді.