Астана, Алматы мен Шымкенте 3 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін көтеріліп, түнде 1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,6 м/с деңгейінде болмақ.

Астанада синоптиктер болжамынша, қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 6 градусқа дейін жетіп, түнде -4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,2 м/с деңгейінде болады.

Шымкентте бүгін жаңбыр жауады. Күндіз термометр бағаны 13 градусқа дейін жетіп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,4 м/с деңгейінде болмақ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз