Астаналық құтқарушы Саят Пшембаев қызметтік міндетін атқару барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мараптталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ТЖМ ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Саят Пшембаев өз өмірін қатерге тіге отырып, қайғылы оқиғаның алдын алған. Құтқарушы тұрғын үйдің 14-қабатында қауіпке тап болған қызды құтқарып қалды.

Қызметтік міндетін атқару барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Пшембаев Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен марапатталды. Оған ТЖМ құрмет грамотасы мен бағалы сыйлық табысталды.

"Мұндай әрекеттер құтқарушының шынайы таңдауын көрсетеді, олар ең қиын сәтте адамдардың жанынан табылып, өзгенің өмірі үшін өз өмірін тәуекелге тігеді. Адамдарды құтқаруды өмірінің мәні деп білетін қызметкерлерімізді біз мақтан тұтамыз", — деді Шыңғыс Әрінов.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз