"Қазгидромет" РМК 2025 жылдың 2 қарашасында Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Талдықорғанда 2 қарашада сынап бағаны 3-5 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 2 қарашада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында нөсер жаңбыр болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 2 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оралда 2 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Павлодарда 2 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Петропавлда 2 қарашада түнде және таңертен тұман болады деп болжанады.

Күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің батыстағы екпіні 15-20 м/с болмақ. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 2 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі.

2 қарашада Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Айта кетсек, 2025 жылдың қараша айының басында Алматыда өтпелі маусымға тән ауа райы қылаң береді. Егер күздің басы алматылықтарды жылы ауа райымен қуантса, енді сынап бағаны -5°C дейін төмендейді. Синоптиктер Алматы қаласы бойынша жеті күнге арналған алдын ала ауа райы болжамын ұсынды.