Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері такси қызметінің алтын жамылып, интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастырып, жезөкшелікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында қыздардың қаладағы бірнеше саунаға жеткізіліп, онда интимдік қызмет көрсеткені анықталды.

"Тізімде 12 сауна бар. Полиция сауналардың әкімшілерін және ақылы интимдік қызмет көрсеткен тұлғаларды анықтады. Қылмыстық топ ауылдардан шыққан, әлеуметтік тұрғыдан осал және аз қамтылған отбасылардан шыққан жас қыздарды алдап, қорқыту және күш қолдану арқылы жезөкшелікке тартқан". Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі

Оларды жалдамалы пәтерлер мен гараждарда ұстап отырған.

"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар күдіктілер ұсталып, басқа қатысушыларға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылды", — дейді тәртіп сақшылары.

Тінту барысында көп мөлшерде қолма-қол ақша, құжаттар, техника, банктік карталар және қылмыстық қызметте пайдаланылған деп болжанған тоғыз автокөлік тәркіленді.

Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған қаражаттың бір бөлігі жалған банктік шот арқылы заңдастырылғаны анықталды. Бұл қаражат көлік, тіркеме және гараждар сатып алуға жұмсалған. Аталған факті бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру" бабымен бөлек іс қозғалды.

Тергеу жалғасуда. Ішкі істер органдары жеңгетайлық пен интимдік қызмет көрсету арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от