Бейсенбі, 30 қазанда Түркістан облысының Отырар ауданында жарылыс болды. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке cілтеме жасап.
Бұл туралы басылымға QazaqGaz Aimaq АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай Шәуілдер кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, газ-ауа қоспасының жарылуына газбен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз қосылу себеп болған.
Бір адам зардап шекті, бірнеше пәтер зақымданған.
"Желіні тексеру кезінде газ беру уақытша тоқтатылды", — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от OTYRAR (@otyrarkz)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
