Шығыс Қазақстан облысындағы Васильевск өткелінде «Одесса» паромы жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл өткел Самар мен Үлкен Нарын аудандарын байланыстыратын болады. Облыс әкімдігінің мәліметінше, енді Үлкен Нарын ауданынан паром сағат 07:00, 09:00, 11:00, 13:00, 15:00, 17:00 және 19:00 мен 21:00-де жүреді. Ал Самар ауданынан 08:00, 10:00, 12:00, 14:00, 16:00, 20:00 және 22:00-де қатынайды.

Айта кететін жайт, «Одесса» паромы 450 тоннаға дейінгі жүк пен жеңіл автокөлікті тасымалдауға қауқарлы.