Украинаға қарсы соғысқан 500-ге жуық Өзбекстан азаматтарының қаза тапқандары белгілі болды.
Бұл туралы украиналық «Хочу жить» ұйымы хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
«Өзбекстан бүгінде РФ ҚК-нің шетелдік жалдамалы жауынгерлерінің саны бойынша көшбасшы болып табылады, біз оларды анықтауға қол жеткіздік. Біз Украинаға қарсы соғысқан немесе соғысып жатқан кем дегенде 2 715 Өзбекстан азаматтарының есімдерін білеміз, ал олардың саны жылдан жылға артып келеді. 2023 жылы 498, 2024 жылы тағы 941 өзбек келісімшартқа қол қойды. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 300-ге жуық Өзбекстан азаматы РФ ҚК құрамында соғысқа аттанды. Естеріңізге сала кетейік, бұл бізге нақты белгілі болғандар ғана.
Әскери тұтқындағы шетелдіктер арасында да Өзбекстан тұрақты түрде бірінші орында», — деп жазды украиналық ұйым.