Астанада түнде 90-жылдардан бері мемлекеттік құрылымдарда әртүрлі қызмет атқарған Ержан Бабақұмаров қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, экс-шенеунік соққыға жығылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша бұрыннан таныс адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы Ержан Бабақұмаров алған жарақаттарынан көз жұмған.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды, соталды тергеу жүргізіліп жатыр", — деді полиция.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget