Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин кейбір сарапшылардың парламенттік реформаны үстірт қабылдауын сынға алды. Оның айтуынша, реформадан Сенат туралы баптарды алып тасау – қате көзқарас. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
"Президент бұл туралы бұған дейін де айтқандай: реформа — бұл жай ғана механикалық процесс емес. Біз барлық қолданыстағы рәсімдермен, регламенттермен және тетіктермен дербес бір палаталы Парламентті қалыптастыру туралы айтып отырмыз", – деп атап өтті Қарин.
Оның сөзінше, басты мақсат — жаңа институттың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттарын айқындау. Сондықтан реформаны тек жоғарғы палатаны формалды түрде алып тастаумен шектеуге болмайды.
2025 жылдың 8 қыркүйегінде халыққа арнаған Жолдауы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламентін бір палаталы ету және Сенатты тарату туралы ұсыныс білдірген болатын. Президенттің айтуынша, жоғары өкілді билікке қатысты бұл реформа — бұған дейін жүргізілген өзгерістердің, соның ішінде президенттік билік реформасының да қисынды жалғасы болмақ.
2025 жылдың 15 қазанында Ерлан Қарин Қазақстанда парламенттік реформа бойынша ұсыныстарды онлайн түрде жинау процесі басталғанын хабарлады.