Димаш Құдайбергеннің "Voice Beyond Horizon" жобасының қашан көрерменге жол тартатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Димаш Құдайберген мен Hunan TV телеарнасының бірлескен жобасы – "Voice Beyond Horizon" аяқталуға жақын. Бүгін, 2025 жылғы 30 қазанда бағдарламаның премьерасы 2026 жылы жарық көретіні белгілі болды.
"Сегіз жыл бұрын Ұлы Жібек жолының әндері күллі әлемге естілсе екен деген арманмен Димаш Қытай сахнасына алғаш шыққанда, өнердің шекарасы жоқ екенін сезінген еді. Жаңа "Voice Beyond Horizon" жобасында Димаш бастамашы ретінде әлемнің әр түкпірінен сегіз әншіні шақырды. Олар: Prince (Сербия), Цай Чэнъюй (Қытай), Джулия (Италия), Чжан Синьюй (Қытай), Нұржас (Қазақстан), Ла Даньчжу (Қытай), Джесси Ли (Малайзия), Нур Чолпон (Қырғызстан). Олар бірге өз дауыстары арқылы мыңжылдық Жібек жолы өркениеттерін тоғыстырып, музыкалық сапарды бастау үшін Қазақстанға жол тартты. 22 күн ішінде олар 7436 шақырымды еңсеріп, Қазақстанның төрт бірегей қаласын аралады. Әр қалада музыканың ырғағы жүрек соғысымен үндесіп, әуендер ежелгі өркениет жаңғырығымен тербелді...2026 жылдың ғаламат премьерасы!",- делінген ақпаратта.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от DimashNews (@dimash.news)
Бұған дейін Димаштың Вьетнамдағы музыкалық фестивальге қатысатындығын жазған болатынбыз.