"Қазгидромет" РМК 30 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райы бұзылатынын хабарлап, еліміздің 14 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз