Камерунда жаппай наразылық кезінде төрт адам мерт болды, тағы 100-ден астамы ұсталды . Рейтерс агенттігінің мәліметінше толқу президенттік сайлаудан кейін басталған.

Белсенділер нәтиже бұрмаланған деп есептейді. Наразылардың пікірінше жеңіс оппозиция өкілі Исса Чирома Бакариге бұйыруы керек еді. Жиналған халық көшелерді жауып, шеру полициямен қақтығысқа ұласты. Естеріңізге сала кетейік, таяуда өткен сайлауда Поль Бийя 53 пайыз дауыс жинап, сегізінші президенттік мерзіміне сайланған.