АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылы 28 қазанда ҚР Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады:

"Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр".

Бүгін Серджио Гор мен Кристофер Ландау Қазақстанда жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялар басшыларымен, іскерлік топ өкілдерімен кездесті.

Ресми сапар, Алматы, АҚШ президентінің арнайы өкілі, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары , сурет — Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 17:02

"Сондай-ақ олар Алматыдағы заманауи өнер музейіне, "Шымбұлақ" тау шаңғысы кешені мен "Медеу" мұз айдынына барды. Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай қарсы алды", деп нақтыланады хабарламада.

Ресми сапар, Алматы, АҚШ президентінің арнайы өкілі, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары , сурет — Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 17:02

Айта кетсек, 2025 жылы 26 қазанда ҚР СІМ АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Серхио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландаудың Қазақстанға сапары жоспарланып отырғанын растаған болатын.