Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Финляндия президенті Александр Стуббты салтанатпен қарсы алды.

Ақорда жазғандай, бұл – Александр Стуббтың президент ретінде елімізге жасаған алғашқы ресми сапары.

«Мемлекет басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездескен болатын», – деп жазады Ақорда.

Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.