ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 28 қазанда икемді жұмыс уақыты жайлы маңызды сәттерді түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталмыш түсіндіру жұмысын ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясының бас сарапшысы Бибарыс Тәңірбергенұлы жүргізді.
"Қызметкерлер, оның ішінде қашықтықтан жұмыс істейтіндер үшін әлеуметтік, тұрмыстық және басқа да жеке қажеттіліктерді өндіріс мүдделерінен ұштастыру мақсатында жұмыс уақытының икемді режимі белгіленуі мүмкін",- деді ол.
Спикердің айтуынша, еңбек заңнамасында икемді жұмыс режимі кімдерге қолданылатынына қатысты шектеулер болмағандықтан, мұндай режим кез-келген санатағы жұмыскерге оның өтініші негізінде белгіленуі мүмкін.
"Икемді жұмыс уақыты режимі еңбек шартын жасасу кезінде де оны қолдану кезінде де екі тараптың келісімі бойынша белгілі бір мерзімге немесе мерзімсіз белгіленеді". Бибарыс Тәңірбергенұлы
Бұған дейін Қазақстанда полиэтилен қашан өндіріле бастайтындығын жазған болатынбыз.
