«Ақорда» резиденциясында Финляндия Президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.
Бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары.
Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті.
Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.
 
                         
                                 
                                             
                                            