Қазақстанға ресми сапармен келген Финляндия президенті Александр Стубб кезінде сыйлыққа алған "Астана" велокомандасының жейдесін қалай сақтап жүргені туралы айтты, деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстандықтардың қонақжайлығы ерекше есімде қалды. Әсіресе Астанаға алғаш рет келгенімде (Сыртқы істер министрі ретінде — ред.ескертпесі) үздік велошабандоздарыңызбен бірге жаттығудың сәті түсті. Олар маған кәдесый ретінде Александр Винокуровтың қолы қойылған "Астана" велокомандасының жейдесін сыйға тартты. Мен үшін өте құнды бұл жейде үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр", — дейді Александр Стубб.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз