Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Тоқаев Чехия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пётр Павелді Чех республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент құттықтауында екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталып, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пётр Павелдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал чех халқына құт-береке тіледі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз