Тбилисиде мәміленің егжей-тегжейін талқылау үшін кездесуге келген Қытайдың үш азаматы қамауға алынды. Олар заңсыз жолмен 400 мың долларға екі келіге жуық уран сатып алмақшы болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Fox News-тың хабарлауынша, күдіктілер радиоактивті материалды Қытайға тасымалдауды жоспарлаған. Әлеуметтік желіде қаскөйлерді ұстау сәтінің видеосы тарады. Кадрлардан Грузия қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері уран ретінде танылған заты бар бөтелкелерін тәркілеп, адамдарды оқиға орнында қамауға алғанын көруге болады.
Басылымның хабарлауынша, ұсталғандардың бірі Грузияда заңсыз болған, яғни оның визасының мерзімі өтіп кеткен. Тура осы адамды тергеушілер радиоактивті материалды бағалау үшін шетелден мамандарды тарта отырып, уранды сатып алу жайын ұйымдастырған деп болжайды. Топтың қалған мүшелері жағдайды Қытайда отырып үйлестіріп, сырттай бақылауда деп болжанады.