Түркия ТЖ Басқармасының (AFAD) мәліметтері бойынша, Ыстамбұл маңындағы Қара теңізде 3,7 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кандилли сейсмологиялық орталығы зілзала магнитудасын 3,9 деңгейінен сәл жоғары бағалады.
Нақтыланғандай, эпицентр қаладан солтүстік-батысқа қарай 16 км қашықтықта 13 км тереңдікте орналасқан.
Жер асты дүмпулері 21:44-те (Астана уақыты бойынша) орын алып, мегаполистің бірқатар аудандарында сезілді. Қазіргі уақытта қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Халық арасында дүрбелең тіркелген жоқ.
Бұған дейін 23 қазан күні Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама келгені, бірақ қалада дүмпу сезілмегені Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан түсіндірілген болатын.