Гонконгта 82 жастағы кейуанадан чикунгунья безгегі анықталды. Ол соңғы айларда қала ішінде болған. Енді науқастың тұрғылықты ауданындағы 10 мыңға жуық азаматқа індеттің жұғу қаупі төніп отыр. Індет масалар арқылы тарайды .
Дәрігерлер халыққа масадан қорғану шараларын күшейтуді ескертті. Айта кету керек, биыл Гонконгта чикунгунья вирусына қатысты 46 жағдай тіркелген, оның бірі өліммен аяқталған. Бұған дейінгі оқиғалардың барлығы шетелдермен байланысты болса, бұл жолы вирус жергілікті аумақтан тарап отыр.