Алматыда "Қайрат" – "Астана" матчына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлімдеді.
Ведомствоның мәлімтенше, бүгін, 26 қазанда "Қайрат – Астана" футбол матчының өтуіне байланысты, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 12:00-ден 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесі бойымен — Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі аралықта (шығыс–батыс бағытында) көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
"Алматы қаласының полициясы азаматтарды қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады", — делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.