Қазақстан құрамасының таеквондошысы Нодира Ахмедова Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Ол жартылай финалға дейін жетіп, Тайбэй өкілі Юн Люге жол берді. Нәтижесінде Нодира әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет 2007 жылы жүлдеге ие болған еді. Сол кезде Назгүл Тәжіғұлова (51 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген еді.

2024 жылы Париждегі Олимпиадада алтын медаль алып, елге оралғанда Елдос Сметовке кәсіпкерлер қауымы қымбат автокөлік сыйға тартқаны белгілі. Енді соны спортшы сатылымға шығарып қойыпты.