Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ақорда" резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған болатын.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз