"Қазгидромет" РМК 25 қазанға арналған ауа райы юолжамын ұсынды. Синоптиктердің хабарлауынша, бірқатар өңірде тұман түсіп, кейбір облыстарда көктайғақ болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

25 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз