Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты кешті тамашалады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған "Рухтың асқары – Қазақстан" мерекелік концертіне барды.
"Астана Опера" театрының сахнасында қазақстандық белгілі әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген болатын.
"Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу – баршамызға ортақ қасиетті борыш. Егемендік – ата-бабаларымыздың ұлт мүддесі жолындағы өшпес ерлігінің айқын көрінісі", — деді президент.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз