Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетін қар барысын елдің ұлттық символы ретінде тану туралы қаулы қабылдады . Құжатта қар барысының ресми логотипі және оны пайдалану тәртібі бекітілген, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Бұл шешім Қырғыз Республикасы Президентінің «Қар барысын Қырғыз Республикасының ұлттық нышаны ретінде тану туралы» Жарлығына сәйкес елдің табиғи және мәдени мұрасын көрсететін нышандарды сақтау, қорғау және насихаттау мақсатында қабылданды.

Логотипті келесі жағдайларда пайдалануға болады:

* мемлекеттік және басқа да марапаттарда, ескерткіш монеталар мен банкноталарда; — мемлекеттік мерекелерді, естелік күндерді және ресми іс-шараларды безендіруде;

* кәдесыйлар мен баспа материалдарын өндіруде, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және көлік құралдарын жобалауда; — сәулет және сәндік элементтерде;

* Қырғыз Республикасының имиджін ел ішінде де, шетелде де ілгерілетуге бағытталған көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдар және басқа да іс-шаралар кезінде;

* білім беру, мәдени және басқа да бағдарламаларда;

* Қырғыз Республикасын таныстыратын презентацияларда, ақпараттық материалдарда және ресми интернет-ресурстарда.

Келесілерге рұқсат етілмейді:

* суретті бұрмалау немесе деформациялау;

* Қырғызстан заңнамасын бұзатын жазулар, суреттер немесе өнімдермен бірге пайдалану;

* мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін немесе ұлттық құндылықтарды кемсітетін контексте пайдалану;

* Қырғыз Республикасында өндірілген өнімдерді саяси тұрғыдан орынсыз жарнама мақсаттарында; үгіт-насихат жүргізуде; немесе логотипті ел заңнамасына сәйкес авторлық құқық иесіне берілген жағдайларды қоспағанда, пайдалану.

Пайдалану тәртібін бұзу, бейнені бұрмалау немесе логотипті рұқсатсыз пайдалану үшін Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігіне қар барысының популяциясын және оның мекендеу ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту тапсырылды.

Барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар мен мекемелер меншік түріне қарамастан осы қаулыны орындауға міндетті.