Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан жағажай волейболынан Иранды жеңіп, топта көш бастады

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы жағажай волейболынан тағы бір жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топтық кезеңдегі матчта Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш Иран командасына қарсы ойнады.

Кездесу 2:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Біздің жұп 8 ұпай жинап, “A” тобында көш бастап тұр.