2025 жылғы 23 қазаннан бастап Алматы әуежайында "Ақсұңқар" қонақүйі маңында жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жолаушыларға үндеу жасап, маңызды хабарлама жариялады.

"Дренаж жүйесін жөндеу және жаңа асфальт төсеу жұмыстарына байланысты "Ақсұңқар" қонақүйі жанындағы пандусқа көтерілер тұста әуежай аумағына кіру мен шығу Ахметов көшесі жағынан уақытша жабылады", — делінген хабарламада.

Әуежай өкілдерінің айтуынша, жөндеу жұмыстары 24 қазаннан 25 қазанға қараған түні, сағат 00:00-ге дейін аяқталады деп жоспарланған.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң "Ақсұңқар" қонақүйі жағындағы кіру және шығу жолдары қайта ашылады.