Әсел Жанәбілова Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мәжіліс Әсел Жанәбілованы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулы қабылдады", — делінген хабарламада.

Айта кетелік, Әсел Жанәбілова 2000 жылғы 18 ақпаннан бері Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы қызметін атқарады.

Нориаттық палатаның ресми сайтындағы мәлімет бойынша Әсел Болатқазықызы 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1991 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың заң факультетін бітірген. Кейінірек "қаржы және экономика" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған.

1993 жылдан бастап Алматы қаласында нотариус болып жұмыс істеген.

1997 жылдан бастап нотариат істері жөніндегі бөлімнің бастығы, кейін Әділет министрлігінің заң қызметтерін ұйымдастыру басқармасының бастығы болған.

Ол Қазақстандағы жекеше нотариаттың қалыптасуына, дамуына көп үлес қосқан.

Республикалық нотариаттық палатаның бірінші төрағасы ретінде жекеше нотариаттың даму кезеңдерінде "Нотариат туралы" ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ Азаматтық, Салық кодекстеріне және басқа да заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша бағыттарды анықтауға байланысты күрделі және жауапты жұмысқа белсенді қатысқан.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз