Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Футболдан ұлттық құрама маусымның соңғы матчын кімге қарсы өткізетіні белгілі болды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы маусымның соңғы матчын Фарер аралдарына қарсы өткізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ҚФФ-ның мәліметінше, 18 қарашада Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарының құрамасымен жолдастық матч өткізеді.

Кездесу бейтарап алаңда – Хорватияның Пула қаласындағы “Альдо Дросина” стадионындда өтеді.

Ойынның басталуы Астана уақытымен сағат 22:00-ге жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы матчта Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңген еді.

Алайда сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең түсті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз