Астана қаласында Сарыарқа аудандық полиция бөлімі қызметкерлері қару иелерін тексеруге бағытталған "Қару" және "Учаске" жедел алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Іс-шараның басты мақсаты – қаруды сақтау ережелерінің сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Тексеру кезінде бірнеше заң бұзушылық анықталды. Мәселен, Қосшығұлұлы көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде тұратын 44 жастағы азаматтың атына тіркелген қаруға орнатылған дабылқаққыш жүйесі істемейтіні белгілі болды. Дәл осындай жағдай Кенесары көшесіндегі 61 жастағы тұрғынға тиесілі қаруда да тіркелген.

Аталған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың қарулары уақытша сақтауға алынды.

Полиция департаменті қару иелеріне сақтық шараларын қатаң ұстанып, дабылқаққыш жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.