Мәжіліс кулуарында Қаржы вице-министрі алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заң жобасындағы ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бүгін Мәжілісте 2026 жылға арналған бюджет талқыланып жатыр. Депутаттар қалай қабылдайтынын, әрине, нәтиже көрсетеді — олар дауыс береді. Алайда қазіргі бюджет жобасында ең төменгі жалақыны көтеруге қаражат қарастырылмаған", — деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.
Айта кетейік, еліміздің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы заң жобасында ең төменгі жалақыны 85-тен 110 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз