Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаитиге құттықтау хатын жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаитиді премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар президент Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, Жапония тарихында премьер-министр лауазымына әйел адам тағайындалды. Бұл тарихи жетістікке парламент сайлауынан кейін Санаэ Такаити жетті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз