Ел үкіметін алғаш рет әйел адам басқармақ .

Бүгін Либералдық-демократиялық партияның төрайымы Санаэ Такаити парламентте премьер-министр болып сайланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, ол бірінші турда-ақ жеңіске жетіп, өз мақсатын орындады.

Либералдық-демократиялық партия мен Жапон инновациялық партиясы бірлесіп, Такаитиді премьер-министр ету үшін коалиция құрған болатын. Ол осылайша тәуелсіз депутаттардың дауысымен Үкіметке иелік ету үшін сайланды.

Санаэ 237 дауыс жинаса, Жапония Конституциялық-демократиялық партиясының лидері Ёсихико Нодаға 149 дауыс берілген.

Сайлауалды науқан уақытында Такаити билікке өткен жағдайда әйел депутаттарды көбірек тағайындайтынын ашық айтты. Демек, енді Жапония билігінде әйел басшылыар көбейе түседі.

Консервативтік көзқарастағы Санаэ Такаитидің билікке келуімен Жапонияда оңшыл саясат күшеюі түсуі ықтимал.