Алматы қаласында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғынынан тіркелмеген ойық ұңғылы қаруды тәркіледі.
Аталған іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған "Заң мен тәртіп" қағидаты мен ішкі істер министрлігі жариялаған Профилактика жылы аясында өткізіліп жатыр.
Басты мақсат – қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық санасын арттыру.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері тіркелмеген қарудың болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат алды. Тексеру нәтижесінде бұл дерек расталып, қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
"Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы республика көлемінде жүргізілуде. Оның мақсаты – заңсыз сақталған қаруды тәркілеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мүмкін болатын қайғылы жағдайлардың жолын кесу. Алматы полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарды қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.