Премьер-министр Олжас Бектенов азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керектігін айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бүгін үкімет отырысында премьер-министр телефон және интернет-алаяқтық жағдайлары көбейіп жатқанына және олардың дені шетелдік нөмірлердің және ұлттық жүйемізде тіркелмеген құрылғылардың көмегімен жасалатынына назар аударған.
"Жасанды интеллект және Ішкі істер министрліктері осындай заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою жұмыстарын күшейтуі қажет.
Деректер базасынан азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керек. Мұндай талап мемлекеттік органдармен қатар, қаржы ұйымдарына, мобильді операторлар мен жеке бизнеске де қатысты болуы тиіс", — деді Олжас Бектенов.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз