Қазақстан қоржынында алғашқы медаль: Ясмина Тоқсанбаева — Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру комитетінен.
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленді.
Сондай-ақ дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-сатыға тұрақтады.