Қазақстандық танымал актёр Дәурен Серғазин жақында өзі үшін мүлдем жаңа жанрдағы фильмге түскенін айтып, әсерін бөлісті. Өнгер иесі бастапқыда бұл жобаға сенімсіздікпен қарағанын жасырмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дәурен Серғазин "Қызық Times" бағдарламасында қонақта болып, мансабындағы жаңалықтарды бөлісті. Актёр "Бақыттың құшағында" атты мюзикл жанрындағы фильмге түсіп, ерекше тәжірибе жинағанын айтты. Алайда түсірім басында бойында қорқыныш сезімі болғанын да жеткізді.
"Басында бәрімізде қорқыныш болды. Бірінші жұмысын мюзиклдан бастағаны кішкене сенімсіздік тудырды. Бірақ мюзикл жанры өзімізге аса қызық болғандықтан келістік. Түсірілім кезі де қызық болды. Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны менің шығармашылығыммен тікелей байланысты. Мен Шәмші атамызды сомдап, басқа кинода әндерін шығарсам, мына мюзиклда сол әндерді орындадым", — деді өнер иесі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз